jasqazaq.kz

Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?

29 маусым, 13:51


Бас Прокуратураның мәліметінше, биыл алғашқы алты айда интернет арқылы жасалған 11 482 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 9 231 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Мұндай көрсеткіштер интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, оның әлеуметтік салдары күшейіп келе жатқанын көрсетеді.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжанның айтуынша, бүгінде азаматтардың қаржысын қайтару мүмкіндігі қылмыстың түріне байланысты әртүрлі:
– Егер қаржылық пирамидалар туралы айтатын болсақ, мұндай істер бойынша азаматтардың қаражатын қайтаруға мүмкіндік көбірек болады. Ал интернет-алаяқтық жағдайында бұл әлдеқайда күрделі. Себебі қазіргі таңда қылмыскерлер криптовалюта сияқты цифрлық активтерді пайдаланады, арнайы технологиялар арқылы өз іздерін жасырады немесе шетелден әрекет етеді. Сондықтан мұндай қылмыстар бойынша ақшаны толық қайтару әрдайым мүмкін бола бермейді, – дейді Ернар Тайжан.
Оның айтуынша, интернет-алаяқтықпен күрес тек Қаржылық мониторинг агенттігінің ғана емес, бірнеше мемлекеттік органның бірлескен жұмысы. Бұл бағытта Ішкі істер органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және өзге де уәкілетті құрылымдар кешенді шаралар қабылдап келеді:
– Біздің негізгі міндетіміз – мониторинг жүргізу және профилактикалық жұмыстарды күшейту. Ең маңыздысы – азаматтардың экономикалық құқықбұзушылықтардың құрбанына айналуына жол бермеу. Сондықтан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қауіпті жарнамаларды ерте анықтауға бағытталған жобаларға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, жасанды интеллект негізінде әзірленген шешімдер әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде жарияланатын күмәнді жарнамаларды, тез әрі жоғары табыс уәде ететін ұсыныстарды автоматты түрде анықтап, оларды бастапқы кезеңде бұғаттауға мүмкіндік береді. Егер мұндай ақпараттар дер кезінде анықталса, көптеген азаматтардың алаяқтардың арбауына түсуінің алдын алуға болады. Сондықтан біздің жұмысымыздың басты мақсаты – ақшаны қайтарудан бұрын, адамдардың қаржылық қылмыстың құрбаны болуына жол бермеу, – деп түйіндеді Ернар Тайжан.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Олжас Әбдіхалық

Инфографика ЖИ көмегімен жасалды. Дереккөз: ҚР Бас Прокуратурасы

17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді