jasqazaq.kz

Мексикада әйгілі скрипкашы Айман Мұсақожаеваның концерті өтті

08 қараша 2016, 4:11

5602-6-aiman_musahodzhaeva_muz_ru-1200x797

Мексиканың Толука қаласының (Мехико штаты) «Felipe Villanueva» концерт залында танымал қазақстандық скрипкашы Айман Мұсақожаеваның атақты мексикандық дирижер Энрике Батистің (Enrique Bátiz) басшылығындағы Мехико штатының симфониялық оркестірімен бірлескен гала-концерті өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырылған концерт Қазақстанның Мексикадағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Қазақстандық танымал скрипкашы Айман Мұсақожаеваның концертін тыңдауға Мехико штатының басшылығының, жергілікті парламенттің және зиялы қауым өкілдері келді. Мексика жұртшылығы Мұсақожаеваның орындауында әлемдік классиканың қазыналары — Иоганнес Брамстың туындыларын тыңдады. Сондай-ақ Мексика сахнасында алғаш рет қазақ классикалық өнерінің біртума туындылары — Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» және т.б. шығармалары орындалды. Қазақстандық музыканттың өнеріне тәнті болған Мексика халқы әрбір қойылымға дүркірей қол соғумен болды. Айтып кету керек, Мехико Штатының тұрғындары қазақстандық өнермен алғашқы рет танысқан болатын. Олар сахнадан тыс орын алған сұхбаттарда болашақта Қазақстан мәдениеті және орындаушыларының өнерімен жақынырақ танысуға мүдделі екендіктерін айтып жатты. «Қазақстандық өнерпаздардың шетелдердегі концерттері еліміздің бай мәдениетін халықаралық деңгейде танытуға зор үлес қосты деген сенімдемін. Барша әлем біздің мемлекетіміз, Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде Елбасы басшылығымен жеткен жетістіктеріміз туралы білу үшін елімізді насихаттау — біздің міндетіміз», — деді Айман Мұсақожаева.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде