jasqazaq.kz

QS World University Rankings 2026: ЕҰУ әлемдік университеттер рейтингінде 317-орынға ие болды

20 маусым 2025, 15:39

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдегі ең танымал университеттер рейтингінің жиырма екінші басылымы бойынша әлемнің жетекші университеттерінің бірі болып танылды.

ЕҰУ өз позициясын жақсартып, әлемдегі ең үздік университеттер арасында 317-орынды иеленді. Университет екінші жыл қатарынан халықаралық бәсекелестік ортада өсу динамикасын көрсетті.
«Жұмыс берушілер арасындағы бедел» және «ПОҚ-студенттер арақатынасы» көрсеткіштері бойынша университет үздік 100-ге енді. Сондай-ақ университет шетелдік оқытушылар мен студенттер үшін де тартымды болып қала береді.
QS аға вице-президенті Бен Саутер:
«Әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен алшақтықты жою үшін қазақстандық университеттер қазіргі заманғы ғылыми күн тәртібіне ықпалын арттыруға, халықаралық зерттеу жобаларына қатысуға және академиялық ортадағы беделін одан әрі нығайтуға күш салуы қажет».
QS рейтингі университеттерді 9 критерий бойынша бағалайды: «Академиялық бедел», «Бір оқытушыға шаққандағы дәйексөздер саны», «Жұмыс берушілер арасындағы бедел», «Жұмысқа қабілеттілік», «Оқытушылар мен студенттердің арақатынасы», «Халықаралық профессор-оқытушылар құрамының үлесі», «Халықаралық ғылыми ынтымақтастық», «Халықаралық студенттердің үлесі» және «Тұрақтылық».
Биыл QS рейтингіне 106 елден 1501 жоғары оқу орны, оның ішінде Қазақстаннан 20 университет кіреді.

17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді