jasqazaq.kz

Есепші өзіне заңсыз сыйақы аударып келген

24 қазан 2016, 12:29

20161024102706

ШҚО Жарма ауданы ТКШ бөлімінің бас бухгалтері мүлкі тәркілене отырып, бес жылға сотталды. Әйел ҚР ҚК екі бабы («бөтен мүлікті пайдалану», «алаяқтық») бойынша айыпталды. Заң бұзғанын жергілікті прокуратура анықтады.

Бір жыл бұрын Жарма ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ТКШ бөліміне бас бухгалтер болып жұмысқа тұрған әйел қосымша ақша табудың схемасын құрған. Ол жойылмаған ескі мөрді пайдаланып, өзіне 275 мың теңге сыйақы аударған.

Бұдан басқа, бухгалтер сол мөрді пайдаланып, ТКШ бөліміне өзінің анасын жұмысқа орналастырған. Ол жұмысқа мүлдем келмеген. Бас бухгалтер оған жалақы төлеген. Өзіне 552 мың теңге аударған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде