jasqazaq.kz

“Тақияны тастамай кию қажет”. Актер Марат Көккөзов ұлттық бас киіммен танымал болуға болатынын айтты (Видео)

02 сәуiр 2025, 15:44

Актер Марат Көккөзов десе, көпшіліктің көз алдына тақия киіп жүрген ер адам елестейді. Бұл – кездейсоқтық емес. Өнер иесі осы бас киімді отыз жылдан бері тастаған емес.

“Тақияны 1994 жылы Маңғыстауға бас құда болып барғанда кидім. Сол кезден бастап, ұлттық бас киімді күнделікті өмірімнің ажырамас бөлігіне айналдырдым. Өзім үйдің кенжесімін, кигеніме мақтанамын. Тақия – қазақы болмысымды айшықтайтын белгі. Шетелге шыққанда да оны тастамаймын. Көпшілік қызығып қарайды, сұрайды. Бұл – мен үшін ұлттық мәдениетімді насихаттаудың бір жолы”, – дейді актер.

Өнер иесінің пайымынша, бас киім – жай ғана аксессуар емес, адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші.

“Әйел адамның да, ер адамның да басы жабық болғаны дұрыс. Тақия – кәдімгі үй сияқты: басыңды қорғайды, жинақылық береді. Оның үстіне, тақиямен жүргенде ойың да сергек болады”, – деп пікір білдірді ол.

Марат Көккөзов ұлттық киімге деген құрмет әрбір қазақтың бойында болуы керек деп есептейді. “Өз дәстүрімізді ұмытпай, оны күнделікті өмірімізде дәріптесек, бұл – нағыз мәдени мұраға деген құрмет”, – дейді ол.

Олжас Әбдіхалық

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде