jasqazaq.kz

Қазақ баспасөзінің қайраткері дүниеден өтті

31 желтоқсан 2024, 13:18

Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. 68 жасқа қараған шағында белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепберген өмірден өтті.
Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген ұзақ жылдар баспасөз бен телевизия саласында еңбек етті. Мемлекеттік қызметте де жұмыс істеп, Парламент Мәжілісінің депутаты болды.
Мейрамбек Төлепберген 1957 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Түгіскен ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Алматы облысы «Жетісу» газетінде әдеби тілші, бөлім меңгерушісі болып қызметтер атқарды.
Журналистика саласында өз қолтаңбасын спорт тақырыбында қалдырып танылған ол 1989 жылы Орта Азия және Қазақстан спорт журналистерінің халықаралық байқауында бас жүлдеге ие болды.
Республикалық «Халық кеңесі» газетінде Парламент жұмысының қыр-сырына үңіліп, саяси тақырыптарға жазылған сараптама мақалаларымен көзге түсті. 1996 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» газетінде саяси-әлеуметтік мәселелер туралы мақалаларымен және публицистикалық мақалаларымен кеңінен танылды.
Ұзақ уақыт белгісіз болып келген, ал 1997 жылы Ресей батыры және Халық қаһарманы атанған Бақтыораз Бейсекбаевтың ақиқатын ашып, есімін қайта оралту үшін ол туралы деректерді іздестіріп тапты. ХІХ ғасырдағы қазақ айтыс өнерінің дүлдүлі Ұлбике Жанкелдіқызының әдеби мұрасын зерттеп жинақтауға үлес қосты.
Журналистік қызметінде ресми сапармен оннан астам шет елдерде болып, арнайы репортаждар мен жолжазбалар жазды.

«Сағасында Таластың бір ауыл бар» (1995), «Қаһарман Бақтыораз» (2000), «Ақиқат алдында» (2002), «Ұлбике» (2002), «Шоқыр» (2003) деген кітаптардың авторы. Сегіз жинаққа таңдаулы очерктері енген.
Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1999), мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2000), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері (1989), сондай-ақ
Алматы облысының «Балқаш ауданының құрметті азаматы» атағын иеленген.
Мейрамбек Төлепберген зейнетке шыққаннан кейін де жазудан қол үзген жоқ. Ақпарат құралдарында қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қатып отырды. Соның ішінде «Jas Qazaq»-қа да жазып тұрды.
Jas Qazaq ұжымы Мейрамбек ағамыздың отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Қош бол, аға! 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде