jasqazaq.kz

Алматы әкімдігі жолақыға қатысты ақпаратты растамады

08 қазан 2016, 10:53

20161008095527

Алматыда жолақы бағасы көтерілмейді. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов хабарлады.

Ол атап өткендей, заңнамаға сәйкес, аталған мәселені қарастыру құзыретіне қалалық мәслихат ие.

«Тасымалдаушы компаниялар жергілікті атқарушы органдарға тарифті көтеру жайын қарастыру жайлы жиі өтініш білдіреді. Алайда, оны қарастырмас бұрын, компаниялар кіріс пен шығыс, жанар-жағармайға, қызметкерлердің жалақысына, қосалқы бөлшектерді сатып алуға кеткен шығындардың есептері мен сметаларын, сонымен қатар табыс көлемін көрсетуі тиіс. Жолаушылар санын есептеп, табысты және аса табысты емес бағыттарды анықтауы тиіс», — дейді Мақсұт Исахов.

Шенеуніктің сөзіне қарағанда, аталған статистиканы соңғы екі аптада 18 тасымалдаушы-компанияның 5-уі ғана тапсырған.

«Компаниялардың көбі бұл мәселені көтермейді, яғни олардың жағдайы жаман емес. Алайда біз барлығын жіті тексеруіміз керек. Бұл ауқымды шаруа. Сондықтан азаматтарға айтатыным, қазір тарифті өсіру мәселесі қаралып жатқан жоқ», — деп түйді Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Осыған дейін бірқатар БАҚ-та Алматыда қоғамдық көліктегі жолақы тарифі өсуі мүмкін деген ақпарат пайда болған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде