jasqazaq.kz

«Болашақ» стипендианттарының қарызы-8,8 млрд теңге

07 қазан 2016, 18:53

20161007162215

Оқудан шығып қалған «Болашақ» стипендианты берешек қаржыны үш жылда қайтаруы тиіс. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Мейіржан Алпысбай мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, стипендиядан айырылғандардың берешегі 8,8 млрд. теңгені құраған екен. Оның ішінде 2,4 млрд. теңгесі өтелді, енді қалған берешек сома 6,3 млрд. теңгені қамтып отыр. Бағдарлама іске қосылғалы стипендиядан 782 адам айырылды, бұл өз кезегінде жалпы көлемнен 6,5 пайызды құрап отыр (12 040 адам).

«Олардың басым бөлігі «бакалавриат» академиялық дәрежесін алуға барғандар. Стипендиядан айырылудың бірінші себебі оқу үлгеріміне, екіншісі — отбасылық және басқа да жағдайларға орай өз еркімен бас тартуға байланысты. Осы ретте берешек қаржыны бірден қайтарамыз деп айта алмаймын. Біз стипендианттар мен туыстарына ақшаны үш жылдың ішінде біртіндеп қайтару мүмкіндігін береміз. Яғни, студент елге келген кезде белгіленген мерзімде қаржыны қайтаратындығы жөнінде шарт бекітіледі», -деді М. Алпысбай.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде