
Қазақстандық оқушыларды жастығына қарамастан қауіпті індет дентеп келеді. Мәселен, ішімдік ішу мен репродуктивті жүйенің ауыруы. Бұл жайлы Алматыдағы балалар дәрігерлерінің республикалық съезінде айтылды.
Қазақстанда балалар 10 жасынан бастап ішімдік іше бастаған. Бұл әлеуметтік зерттеу нәтижесі. Ішімдік ішетін жас балалар саны жылдын жылға артып келеді. Дәрігерлер әрбір үшінші қыздың репродуктивті жүйесі ауыратынын мәлімдейді. Әл, әрбір төртінші бала денсаулығының жарамсыздығынан әскер қатараныа алынбайды. Мұны балалар дәрігерлері олардың физикалық тұрғыдағы жарамсыздығымен түсіндіреді.
«30 пайыздан астам жасөспірім қыздардың репродуктивті жүйесі бұзылған. Жігіттердің 20 пайызы денсаулығының нашарлығынан әскер қатарына алынбайды», – дейді Фармацевтика қызметі және медициналық бақылау комитетінің төрайым орынбасары Роза Қуанышбекова.