jasqazaq.kz

Аралда тұратын емші балаға жұрт іздеу салып жатыр

05 қазан 2016, 13:16

380147

Жас емші Ерболсын Серікбаев қазір Ақтөбеде тұрып жатыр екен. “Үкілі бала” ауылы Аралқұмды тастап, қалаға білім іздеп келіпті. Болашақта дәрігер болғысы келетін Ерболсын Ақтөбенің білім ордаларынан жан-жақты дәріс алмақшы екен. Емін де қатар жүргізіп жүр. Түске дейін мектепке барса, түстен кейін емделушілерді қабылдайды.

Бүкіл елге үкілі бала деп танылған емші Ерболсын Серікбаев Аралқұмды Ақтөбеге ауыстырыпты. Баланың елден кетуіне ауылдағы білім сапасының төмендігі себеп болған. Болашақта терапевт болғысы келетін Ерболсын Ақтөбенің білім ордаларынан жан-жақты дәрістер алғысы келеді екен. Биыл 8 сыныпта оқиды.

“Бір жағынан білімімді жетілдіру үшін, бір жағынан өзімнің мамандығымның иесі болу үшін келдім. Бірінші болып бізге биология, алгебра, геометрия сынды пәндерді жетік меңгеру керек”, – дейді емші Ерболсын Серікбаев.

“Ең бірінші сіз маған мектеп оқушысыз, маған сіздің сабаққа қатысқаныңыз, сабақ үлгерімінің жақсы болғаны ғана керек дедім. Әзірше сабаққа мүлдем қатыспаған күндері болған жоқ. Әрине, денсаулығына байланысты қалып қойған сәттері бар”, – дейді сынып жетекшісі Клара Дүйісова. Ерболсын түске дейін мектепке барса, түстен кейін емін жүргізеді. Емші баланы ауылынан таппаған ел Ақтөбеге іздеп келіп жатыр. 9 жылдан бері төсекке танылған Үрзада апай да Ерболсынның емі үшін Түлкібастан келіпті.

“Таппай жүрмін ғой бұл баланы. Аралқұмда да болдым. Мен жүре алмайтынмын (жылайды), 9 жыл болды жатып та қалғанмын. Енді құдай қаласа осы таяғымды тастап жазылып кетсем”, – дейді емделуші Үрзада Қалтаева. Ал Ерболсын Серікбаевтың анасы болса, Ақтөбеге баласының қалауымен көшіп келгенін айтады. Баланың бойында емшіліктен басқа да өнерлері бар екен. Сондықтан да қалада Ерболсынның жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер көп дейді анасы.

kaz.caravan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде