jasqazaq.kz

Еліміздегі әкелер балаларына 2 млрд. теңге қарыз

04 қазан 2016, 17:30

 

20161004165056Елімізде алименттер бойынша қарыз 2 млрд. теңгеге жуықтады.

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлім етті.

Үйлестіру кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Бас прокурор алименттерді өндіріп алу үлкен проблемаға айналғандығын атап өтті.

«Елімізде 5 милионнан астам бала бар. Бұл халықтың үштен бір бөлігі. Балалар үйінде 32 мың жетім бала тіркелген, олардың 70%-ның ата-аналары бар. 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж. Бүгінгі күні алименттер бойынша қарыз 1,8 млрд. теңгені құрып отыр. Сараң әкелер, алименттер төлегісі келмегендіктен, өз балаларынан жасырынады. Табыстарын төмендетіп көрсетеді», — деді Ж. Асанов.

Ал Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, алимент төлемеушілердің басым бөлігі — бұл табысы бар және саналы түрде төлеуден қашқақтайтын адамдар көрінеді.

«Жағдайдың себептері жалпыға белгілі. Төлемеушілер арасында, әлеуметке жат өмір салтын ұстанатын адамдар — маскүнемдер, нашақорлар, тұрақты мекен жайлары жоқ азаматтар. Борышкерлердің басым дені, әсіресе ауылдық жерлердегі борышкерлер — жұмыссыздар» — деп атап өтті. — Дегенмен, көпшілігі — табыстары бар адамдар. Олар саналы түрде алимент төлеуден жалтарып, еңбек құжаттарын ресімдемей, жалақыны «жасырын түрде» қолма-қол алып, табыстарын төмендетіп көрсетеді. Кейбіреулері барынша алимент төлемеуге тырысады. Тіпті өз баласы мен әйелінің өміріне де қауіп төндіруден тартынбайды. Орал қаласындағы 70 жасар кәсіпкер алимент төлегісі келмей, өзінің 8 жасар қызы мен бұрынғы азаматтық некедегі әйелін өлтіру үшін киллерге 5 мың доллар төлеген. Полиция қылмыстың алдын алды, ашкөз әке мен оның сыбайласы 15 жылға сотталды».

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде