jasqazaq.kz

Нашақор бөлім басшысы жұмыстан қуылды

04 қазан 2016, 13:13

0c0b54fc40b492741266a3f2d7727ee4_xl

Қапшағай қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Шыңғыс Ормышев марихуана шегіп, есірткіні өз көлігінде сақтаған.

Оның  жеке басын және жеке автокөлігін тексеру барысында жүргізуші орындығының астынан кептірілген марихуана табылды.  Бұл туралы Қапшағай қалалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке басын тексеру барысында Шыңғыс Ормышевтың есірткіге мас болғаны анықталыпты. Мұны медициналық тексеру де анықтаған.

ҚР Мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексінде «мемқызметкер этикалық нормаларды сақтауы тиіс, қоғамға қарсы теріс әрекеттерге жол бермей, қоғамдық орындарда мас күйде болмауы керек» деп жазылған. Ал, Еңбек кодексінде жұмыс беруші тарап қызметкер жұмыс орнында мас күйде болған жағдайда онымен келісімшартты бұзуға құқы бар екені айтылады.

Осы нормаларға сүйенген Алматы облыстық Этика жөніндегі кеңес Шыңғыс Ормышевтің ісін қарап, бөлім басшысын қызметінен босату керек деп тапты. Бұл ұсыныс Қапшағай қалалық әкіміне жолданған. Шенеунік Этика және Еңбек кодекстерінің нормаларын өрескел бұзған дейді кеңес мүшелері.

sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде