jasqazaq.kz

Қазақстанда қылмыс жасап, Ресейде құрықталды

03 қазан 2016, 11:06

 

600_d25d458fd99c56fa7df8877ed2ab09a3-418x254Өзбекстан тумасы Ресейдің Мәскеу облысындағы Коломенской қаласында ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін еліне экстрадицияланды.

Бұл туралы kolomna-spravka.ru сайы хабарлады.

2014 жылы 47 жастағы Өзбекстан азаматы елінен «жақсы жұмыс тауып беремін» деп Қазақстанға жеті адамды жеткізген. Ол әр жұмысшы 2 млн сум табыс табады деп сендірген. Алайда Қазақстанға келгесін қылмыскер барлық жерлестерінің құжаттарын тартып алып, екі ай тегін еңбек етуге мәжбүрлеген.

Өзбекстанның құқыққорғау органдары осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, айыпталушыға іздеу жариялады. Алайда ол Ресейге бойтасалап, ізін жасырды.

Ресей полициясы 2016 жылдың наурыз айында оның қайда екендігін анықтады, кейін Коломенской қалалық прокуратурасы оны тұтқындады.

Адам саудасымен айналысушы қамауға алынып, РФ Бас прокурорының орынбасары оны Өзбекстанға қайтару жөнінде шешім қабылдаған. 2016 жылы маусым айында ол Мәскеуге жеткізіліп, өзбек айдауылшыларына тапсырылды.

Өзбекстандық өз елінде Қылмыстық кодекстің адам саудасы бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Үш рет қылмысқа барған оған әр эпизод бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы ықтимал.

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде