
Қазақстандық зілтеміршілер Илья Ильин мен Александр Зайчиков ауыр атлетикадан көпсайыс турнирінде бақ сынайды. Klokov Power Weekend 2016 Мәскеуде 19-20 қарашада өтеді. Жеңімпаздар төрт жаттығу қорытындысы бойынша анықталады. Үздік шыққаны – 5000, екінші орын иегері – 3 мың, үшінші орын иегері 2 мың доллар алады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Жарыс ұйымдастырушысы – ауыр атлетикадан Олимпиада-2008-дің күміс жүлдегері Дмитрий Клоков.