jasqazaq.kz

Ерболат Досаев: Алматыдағы мопедшілер саны 300 пайызға артты

25 мамыр 2023, 13:04

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл жолы да олардың тарапынан мопед жүргізушілерге қатысты шағым айтылды.
Шаһар әкімі жұртты алаңдатқан мәселеге қатысты өз пікірін білдірді: «Екі күн бұрын ғана заң жобасына электросамокат туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні айтылды. Енді мопед бойынша да бастама бар. Меніңше, заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін мопедшілердің, тек Жетісу ауданында ғана емес, барлық жердегі қозғалысы реттелуі тиіс. Қазір тамақ жеткізушілер тіпті қаптап кетті. Өткен жылы олардың саны 300 пайызға артты. Мопед қозғалысын реттейтін өзгерістер Парламентте жылдам қаралып, заң жобасын қабылдайды деген үміттеміз».

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде