jasqazaq.kz

Сәбина Алтынбекова ажырасып кетті ме?

23 мамыр 2023, 16:34

«Forbes» журналының ең бай спортшы тізімінде 11 орынға жайғасқан отандасымыз Сәбина Алтынбекова туралы желіде қауесеттер тараған еді. Спортшы бұл сұраққа отандық бағдарламада жауап берді.

Волейболшы, Сәбина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ерлі-зайыпты ұлды болған. Бірақ, соңғы кездері Сабина расымен ажырасып кетті ме? — деген қауесет тарады. Спортшы әлеуметтік желіде фотоларды өшіруге өзіндік себеп бар бірақ ажырасу туралы әңгіме өтірік екенін айтты.

«Мен бұл сұрақтың жауабын өзімнің instagram парақшама жариялағанмын. Бұл қауесет өтірік. Бізде бәрі жақсы. Жақын уақытта бірге түскен әдемі фото, видеоларды шығарамын. Ал желіден бірге түскен суреттерді алып тастадым, себебі бізге көз де, сөз де тигенін қаламаймын», — дейді спортшы.
Еске салайық, бұған дейін Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желіде күйеуімен түскен суреттерін неге өшіріп тастағанын жазған болатынбыз.

«Саятпен (күйеуі) түскен суреттерімізді жарияласақ бір нәрсе өзгеретінін байқай бастадық. «Көз тию» деген түсінік бар. Сондықтан бірге түскен суреттерімізді сирек бөлісеміз деп шештік. Сондықтан алып-қашпа әңгіме шығарудан аулақ болуларыңызды сұраймын», — деген еді Сәбина.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде