jasqazaq.kz

Ермегияевтің мәшинесін министр мен депутат мінуі мүмкін

28 қыркүйек 2016, 12:11

 

bez-nazvaniya

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы төрғасыТалғат Ермегияевтің қымбат көліктерін кез келген адам сатып ала алады.

ЭКСПО-ның экс-басшысынан тәркіленген 3 бірдей темір тұлпар аукцион арқылы сатылымға шығарылғалы жатыр.

Қазір тәуелсіз бағалау компаниясы Ермегияевтің 2 «Lexus» джипі мен «Мercedes-Benz S 500» маркалы көлігін бағалауда. Жобамен олардың нарықтағы құны 30 миллион теңге болуы мүмкін. Бұл Астанадағы екі бөлмелі пәтердің құны. Бірақ, машиналар бірінші Үкімет, министрліктер мен әкімдіктерге ұсынылады. Егер мемлекеттік мекемелерге Ермегияевтің  көліктері қажет болмаса, онда электронды аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ. Яғни, экс-төрағаға тиесілі болған қымбат көліктерді кез келген адамның сатып алуына мүмкіндігі бар.

Еске салсақ, биыл маусымда Талғат Ермегияев 14 жылға сотталған еді. Судья оның көліктерінен бөлек, Алматы мен Астанадағы жер учаскелерін, пәтерін, банктердегі жеке шотын, бірнеше компаниясын тәркілеген. 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмеге бюджеттен бөлінген миллиардттарды  жымқырғаны үшін сотталған Ермегияев, қазір Астанадағы Шанхай базарының жанында орналасқан қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтеуде.

«Біз оларды www.gosreestr.kz  веб-порталына қоямыз. 15 күн порталда болады. Электронды аукцион бірінші бағаны көтеру әдісімен өтеді, біріншіде сатылмаса, бағаны төмендету әдісімен өтеді. Оған Қазақстанның кез келген жеке және заңды тұлғалары қатыса алады», — дейді Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы Ернұр Қайырбек.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде