jasqazaq.kz

Имамдар сынақтан өтеді

16 мамыр 2023, 10:41

Алдағы уақытта дін қызметкерлерінің кезекті республикалық аттестациялау жұмыстары басталады. Алматы қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметінің жазуынша, шаһардағы 54 мешітте қызмет ететін имамдар мен ұстаздар сараптау комиссиясының алдында сынақ тапсырады.

«Сынақ барысында дін қызметкерлеріне қырағат, тәжуид, ақида, фиқһ, Ислам тарихы салалары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылды. Дін қызметкерлерінің білімін сараптап, біліктілігін бағалау үшін ҚМДБ қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері қосымша тапсырмалар беріп, мешіт ережесі, концептуалды құжаттар, басқа да әкімшілік сауалдар арқылы біліктілік деңгейін анықтайтын болады», — деп хабарлады Алматы орталық мешіті. Алматы қаласының дін қызметкерлерінің білімін сараптауға арналған республикалық аттестаттау үш күнге ұласады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде