jasqazaq.kz

Шымкент: Биыл Конгресс-холлдың құрылысы аяқталады

13 мамыр 2023, 22:23

Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. «Шымкент Сити» аймағынан халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Былтыр қазығы қағылған ғимарат құрылысы заман талабына сай жүргізілуде.

Конгресс-холл болашақта жергілікті және Республикалық маңызы бар қоғамдық іс- шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізуге арналған көпфункционалды орталық болмақ.

Жалпы биыл шаһарда Конгресс-холл мен 4 спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Осы жылы қалада 156 нысан салу жоспарланса, құрылыс жұмыстарға 123,4 миллиард теңге бағытталып отыр. Қазіргі таңда 74 жобаның құрылысы басталып, 5,8 млрд теңге игерілді. Жыл соңына дейін 94 нысанның құрылсын аяқтау көзделген. Сондай-ақ, тағы да екі нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Ал, қалған 13 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болып отыр. Бұдан бөлек, 2023 жылы 7 білім нысанының құрылысы жүрігізілетін болады. Оның ішінде, 6 нысан құрылысын жыл соңына аяқтау жоспарланса, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Атап айтқанда, «Метталург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебіне қосымша ғимарат салу, Бозарық шағын ауданындағы ауыр атлетика мектебінің құрылысы, Желтоқсан көшесіндегі медициналық колледждің спортзалын салу жұмыстары келеп жылға ауыспалы.

Шымсити шағын ауданында 2 саябақтың құрылысы басталса, Қазыбек би көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Одан бөлек, биыл 7 білім нысанының құрылысы жүрігізілетін болады. Оның ішінде 6 нысан құрылысын жыл соңына аяқтау жоспарланған. Ал, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Мерей Әлімбек

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді