jasqazaq.kz

Жеңіс күні: Шымкенттіктер ерекше әсерге толы қойылымды тамашалады

11 мамыр 2023, 15:06

Шымкент қаласында 9 мамыр – Жеңіс күнін тойлау Әл-Фараби алаңында жалғасын тапты. Кешкі сағат 20:00-де қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астында Ә.Нұрпейісовтың «Күткен күн» роман желісімен сахналанған қойылымды тамашалады. Шымкенттіктерге мерекелік спектакль-концертті Айгүл Иманбаева жетекшілік еткен өнер ұжымы «А.И.» театры ұсынып отыр.

Оқиға желісі 1941 жылы соғыс өртінің тұтануынан бастау алған. Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқан мектеп түлектерінің қуанышты сәтінде соғыс басталғаны туралы суық хабар келеді. Қойылымда халықтың сол сәттегі тұрмысы, жастардың патриоттық рухы көрсетіледі.

Ананың балаға жазған хаты көрерменді елжіретіп, көзіне жас үйірсе, майдандағы әкесін сағынған бала, жарына сезім мен үмітке толы хатын жолдаған келіншектер, жалындаған жас боздақтардың соғысқа үлкен жігермен аттанған көріністері, бәрі-бәрі халықтың зор қошеметіне ие болды.

Автордың өзі оқиғаның ішінде болып, «Курляндия оқиғасы» деген очерк жазбақ болады. Ә.Нұрпейісовтың жазушылық жолы да осы оқиғадан бастау алған екен. Авторлық идеясын жүзеге асыру үстінде шығармашылық ой өзегі үнемі өзгеріп, очерк көлемді әңгімеге, әңгіме повеске, повесть қалың романға айналып, әуелі «Курляндия» боп жарық көрді де, кейін «Күткен күн» деген атпен бастан-аяқ қайта жазылды.

Қойылымның барысы тек мұңды оқиғалардан құралды деуге келмес. Спектакль-концерт бағдарламасында көңілді әуендер де орындалды. Мерекелік кеште ҚР халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева әннен шашу шашты.

Басты рөлдерді Мәдениет саласының үздігі Бағлан Иманғалиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлжамал Қазақбаева сомдаса, «А.И.» театрының актерлері Еркебұлан Есіркеп, Анэль Төлегенова, Әмірхан Оразбақ, Ақбота Шойнбектер өз өнерімен көпшілікті тәнті етті.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде