jasqazaq.kz

Маңғыстауда есірткі жарнамалайтын 15 сайт бұғатталды

06 сәуiр 2023, 12:05

Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары былтыр есірткі таратуды жарнамалайтын 110 сайтты бұғаттап, жұмысына тыйым салса, биыл 15 сайттың жұмысын тоқтатып, бұғаттады.

«Өткен жылы есірткі қылмыстары үшін 300-ге жуық адам сотталды. Биылғы жылдың 3 айында 40 адам сотталған. Оның ішінде осы алтауы синтетикалық есірткімен байланысты қылмыс. 1 апта бұрын ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 адамды ұстады. Олар Каспий теңізі арқылы 15 килоға жуық опи есірткі затын сатуға алып келген. 4 азамат қазір соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Маңғыстау облыстық прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.

Облыстық құзырлы орган өкілдері есірткі сатуды кәсіп еткендердің тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына салынған граффити жазуларын да өшірген.

Елімізде алдағы уақытта прокуратура, құқық қорғау және уәкілетті орган өкілдерінің бірлескен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылуы мүмкін. Сол арқылы нашақорлықтың алдын алып, есірткі тұтынушылардың деректерін жинап, жеке басын анықтап, жастардың жат әрекетке бой алдырмауын қадағалап, тиым салынған заттың заңсыз айналымына тосқауыл қоймақ. Маңғыстау өңірінде биыл есірткі қылмысы өткен жылмен салыстырғанда 49 пайызға төмендеген.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде