jasqazaq.kz

Шымкентте екі емхананың құрылысы қызу жүруде

03 сәуiр 2023, 23:15

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов “Shymkent” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен №14 емдеу орталығының инвестициялық жобаларының жүзеге асырылуын тексерді. Алдымен Құрсай шағын ауданындағы тәулігіне 450 келушіге арналған емхана құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылады. Мұнда қазір бригадалар жер қазу жұмыстарын жүргізуде. Заманауи талапқа сай жабдықталатын емханада жоспарға сәйкес цифрлық рентген, УДЗ аппараттары, аудиометр, ЛОР комбайн, электроэнцефалограф орнатылады. Мұнда 150 адам жұмыспен қамтылады. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Ынтымақ-2 шағын ауданында тәулігіне 350 келушіге арналған емхана бой көтеріп келеді. Мұрат Дүйсенбекұлы нысанда болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Жеті блоктан тұратын ғимаратта отбасылық денсаулық орталығы, стационарлық бөлімше, консультациялық-диагностикалық бөлімше қарастырылған. Соңғы үлгіде жабдықталатын емхана биыл қолданысқа беріледі.

Емдеу орталықтары аталған аумақтардағы емханалардың жүктемесін жеңілдетіп, жергілікті тұрғындарға медициналық қызметтерді қолжетімді етеді. Құрылыс барысын көрген қала әкімі жауаптыларға ғимараттардың талапқа сай жабдықталуын қадағалап, жұмыстарды сапалы әрі өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, Бүгінде Қызылжар шағын ауданында 58 мың тұрғын бар. Мұндағы №9 емхананың әбден тозығы жеткен. Тұрғындар диагностикалық зерттеуден өту үшін қаланың орталығына баруға мәжбүр. Сол себепті денсаулық сақтау басқармасы мәселені шешу үшін «Медикал центр Шұбарсу» ЖШС-ін инвестор ретінде жұмылдырған. Әзірге бұл емхана уақытша ғимаратта жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Жаңа емхана шағынаудандағы қараусыз қалған стадионның орнына салынуда.

Жаңа емханада тұрғындарға қажет барлық жағдай жасалады. Ол МРТ, КТ, УДЗ секілді барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Өз зертханасы, тіпті, күндізгі стационар бөлімі де болады. Емхана ашылған кезде тұрғындар ем алу үшін басқа жаққа сабылмайды. Кейбір азаматтар жаңа емхананың стадионның орнына салынуына қарсы болған еді. Бірақ, ол стадионда спортпен айналысуға ешқандай жағдай жоқ болатын. «Медикал центр Шұбарсу» компаниясы өз қаражатының есебінен ескі емхананың орнына заманауи спорт кешенін салып беруді мойнына алып отыр.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде