jasqazaq.kz

Шымкент әкімі жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

31 наурыз 2023, 14:30

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жол қауіпсіздігін жақсарту бойынша арнайы жиын өткізді. Осы бағытта атқарылған жұмыстарды пысықтап, кейбір жауаптыларға тапсырма берді. Басқосуда Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Е.Абдраманов пен Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Қоқанбаев баяндама жасап, қала аумағындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол кептелістері жиі орын алатын уақыттар мен орындар күнделікті зерделенуде. Бүгінде 100 көшенің қиылысына 877, 200 көшенің бойына жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 800 бейне бақылау қондырғылары орнатылған. Бақылау жүйелері жол бойындағы қауіпсіздікті күшейтіп, апатты азайтуға септігін тигізуде.

Қала әкімі осы бағыттағы жұмыстармен, өзекті мәселелермен жіті танысып, жауаптыларға қауіпсіздікті күшейту мақсатында нақты тапсырмалар берді.

“Екі апта ішінде қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 5 жылдық жоспар әзірлеңіздер. Бұл мақсатқа қаралатын қаржыны нақтылап, басым бағыттарды анықтау қажет. Полиция департаменті өкілдері мен аудан әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, мәселелерді жан-жақты пысықтап, бекітілген мерзімде кешенді жоспардың таныстырылымын жасаңыздар” – деді қала әкімі.

Айта кету керек, қазіргі таңда, күйбең тіршіліктің аясында жүргендердің кейбірі кез-келген жерде сауда жасауда. Ал, мұны толық қанды жою үшін құқыққорғау қызметкерлеріне аянбай еңбек ету керек. Сондықтан, Мұрат Дүйсенбекұлы жол қозғалысына кедергі жасайтын ретсіз сауданы жойып, жолдарды кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды ескертті. Жаяу жүргіншілер жиі өтетін өтпелдерге бағдаршам орнатуды, жол белгілерін көруге кедергі жасайтын жасыл желектерді ретке келтіруді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдан бастап, қала аумағындағы жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жасанды жол кедергілері орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол таңбалары сызыла бастаған еді. Айта кетейік, жасанды жол кедергілері әлеуметтік маңызы бар емдеу орталықтары, мектеп, балабақша секілді мекемелердің аумағына орнатылады. Әсіресе, шағын аудандар мен тұрғын алаптардың әлеуметтік маңызы бар орындарында жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық), 5.16.1-5.16.2 (жаяу жүргінші өткелі) жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде