jasqazaq.kz

Субсидия: екі платформаны қатар қолданудың қажеті қанша?

20 наурыз 2023, 13:48

Өткенде Сенат депутаттары Gosagro.kz мемлекеттік субсидиялаудың ақпарат жүйесінде кемшіліктер бар деп, ондағы кемшіліктер жойылғанша орнына Qoldau.kz платформасын пайдалана тұруды ұсынған еді.

Серік Жұманғарин осы мәселеге қатысты Үкімет ұстанымын білдірді: «Ауыл шаруашылығы министрлігі Gosagro.kz мемлекеттік субсидиялаудың ақпарат жүйесіндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден субсидия өтінімдерін қабылдау кезінде туындаған бүкіл ақауларды толығымен жойды.

Қазіргі таңда ақпарат жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Түскен өтінімдер саны –5 500, жалпы сомасы – 17,4 млрд теңге. Жергілікті атқарушы органдар соның 1,3 млрд теңгесін мақұлдады», — деп жазылған жауапта.

Вице-премьердің айтуынша, мөлшерлемені субсидиялауға қаржы институттарынан 4 млрд теңгенің өтінімі түскен.

«Түркістан, Қарағанды, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында ақпан айынан бастап ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тиісті субсидиялар төлене бастады.

Gosagro.kz мемлекеттік субсидиялаудың ақпарат жүйесіне кіріп, өтінім рәсімдеу ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге де, жергілікті атқарушы органдарға да тегін екенін атап өту керек.

Осы айтылғандарды ескерсек, субсидия өтінімдерін қабылдауға «Qoldau.kz» платформасын Gosagro.kz ақпарат жүйесімен қатар пайдалану тиімсіз», — деп жазды Серік Жұманғарин.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде