jasqazaq.kz

Сұлтан Қожықовтың туғанына – 100 жыл

13 наурыз 2023, 16:16

Аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің режиссері Сұлтан- Ахмет Қожықов тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді. Айтулы датаға орай алматылықтар «Қазақфильм» киностудиясының жұлдыздар аллеясындағы естелік жұлдызына гүл шоғын қойды.

Шара барысында атақты режиссердің туған-туыстары, кинематографтар және «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы естеліктерін бөлісті.

«Мемкиноға тақырыптық жоспарды бекіту үшін Мәскеуге барған кезекті сапарында бұрынғы киностудия басшысы Камал Смайыловқа ұсынылған сценарийлердің бірін бекітпеді. Содан мемлекеттік комитеттің бас редакторын Камал Сейтжанұлы оған басқа, неғұрлым қолайлы сценариймен алмастыруға уақыт беруге көндірді. Алматыға оралып Ғабит Мүсіреповке қоңырау шалып, «Қыз Жібек» пьесасын киносценарийге айналдыруды өтінді. Ғ.Мүсірепов бір ай ішінде Камал Смайыловтың тапсырмасын орындады. Осылайша сценарий құтқарылып, кейіннен ұлттық киношедеврге айналды»,- дейді режиссер Болат Шәріп.

Көрнекті режиссердің мерейтойына арналған іс-шара Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицейдің қабырғасында жалғасты.

Лицей оқушылары шығармашылық кеш ұйымдастырып, қонақтарға мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығынан театрландырылған қойылым ұсынды.

С.Қожықов 1923 жылы 10 наурыз күні Тараз жерінде дүниеге келген.

Балалық шағында сурет салумен әуестенген ол ВГИК-тің режиссерлік факультетіне оқуға түседі. Шығармашылық жолын қазақ драма театрының суретші-безендірушісі ретінде 1942 жылы бастаған.

Бұл кезде ол 18 жаста ғана болатын. 19 жасында «Еңлік-Кебек» спектаклін безендірді.
1941 жылы соғысқа аттанған ол республика үкіметінің шақыруымен тез арада кері оралып, Мәскеуден Алматыға көшірілген біріккен орталық киностудияда киносуретшілік кәсібін бастайды.

Қожықов әйгілі режиссер Григорий Рошаль түсірген «Абай әні» фильмін жасауға, өзге де алғашқы қазақ киноларына тікелей атсалысқан.

Сұлтан Қожықовтың алғашқы тәуелсіз туындысы — «Ана мен бала», кейінірек «Біз Жетісуданбыз» картинасын түсірді.

Сұлтан Қожықовтың есімін дүйім жұрт «Қыз Жібекпен» байланыстыруы заңдылық.
Ол — осы картинаны дүниеге алып келген режиссер. «Қыз Жібек» лентасының премьерасына биыл 50 жыл толды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде