jasqazaq.kz

Президент сыйлығына 35 жасқа дейінгі қаламгерлер өтініш бере алады

13 наурыз 2023, 13:57

opened book with ink feather tool — vector illustration

Жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттің арнаулы әдеби сыйлыққа енді 35 жасқа дейінгі азаматтар өтініш бере алады. «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына осындай өзгеріс енгізілді. Өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары болып табылатын, бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындылары бар, қазақстандық әдебиетті дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар жас жазушылар мен ақындар Президенттік сыйлыққа үміткер бола алады.

Осы кезге дейін бұл сыйлық 29 жастан аспаған азаматтарға берілетін.

Өтініш жолдау үшін жас жазушылар мен ақындар 30 маусымға дейін уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде мына құжаттарды ұсынуы тиіс:
— Президент сыйлығын алуға өтінім;
— үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;
— Қазақстан Жазушылар одағының Президенттік сыйлыққа үміткерге шығармашылық мінездемесі;
— Президенттік сыйлыққа үміткер жариялаған не үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмесі;
— екінші деңгейдегі банкте банк шотының бар екенін растайтын анықтаманың көшірмесі;
— үміткердің жетістіктерін айғақтайтын өзге де материалдар.
Құжат 29 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.
Сондай-ақ «Дарын» жастар сыйлығына да 35 жасқа дейінгі азаматтар өтініш бере алады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде