jasqazaq.kz

514 шетелдік Қазақстанға келе алмайды

27 ақпан 2023, 12:08


Елімізге 5 жылға дейін 514 шетелдік азаматқа кіруге тиым салынды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

«Қазақстанда шетелдіктердің болу тәртібін қамтамасыз ету мен көші-қон заңнамасын бұзушылықтың алдын-алу мақсатында мемлекетімізде 20 ақпаннан бастап «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Полиция шетелдіктердің тұратын мекенжайлары, құрылыс объектілері, нарықтар, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексеруде. Полиция шетелдіктердің келуі туралы хабарламаны уақытылы жолдамаған 2 727 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекетіміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 514 шетелдік Қазақстан Республикасынан тыс шығарылды. Оның ішінде 130 шетелдік мәжбүрлі түрде тыс шығарылды. Барлық шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келуіне 5 жылға дейін тыйым салынды», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған 6 836 құқық бұзушы анықталды. Бұларыдң арасында 1 814 шетелдік мемлекетте болу тәртібін бұзса, 1886 шетелдік заңсыз жұмыс істеген, 356 заңсыз жұмыс күшін пайдалану фактісі анықталған.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде