jasqazaq.kz

Ломбард «терісін» жамылған пирамида

06 ақпан 2023, 16:12

Ақтөбеде көліктерді алып-сату схемасы бойынша жұмыс істеген қаржы пирамида әшкереленді.

Қылмысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен өңірлік прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері анықтады.

Күдіктілер көлікті бөліп төлеу арқылы, нарықтағы бағадан жоғарыға алып, үшінші тұлғаларға арзанға сатқан.

Auto Seller компаниясы Ақтөбе облысының аумағында 2022 жылғы наурыздан бастап жұмыс істеген. Ол ломбард түріндегі қаржы пирамидасы болған. Залал сомасы 300 млн теңгеден асады.
Хабарламада жазылғандай, ломбард қызметкерлері көлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) мәшинені жоғары бағамен сатып алуды ұсынған. Нотариалды куәландырылмаған, ресми тіркелмеген, бөліп төлеуді көздейтін, сатып алу-сату шарттары жасалған. Содан кейін көліктер үшінші тұлғаларға төмен бағаға сатылды, ал түскен ақша өз мүлкін сатқысы келетін келесі салымшыларға төленген.

Тінту барысында Auto Seller ЖШС-нің заңды мекен-жайынан техника, заңсыз қызметке қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер және банк карталары тәркіленді.
Сот шешімі бойынша күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде