jasqazaq.kz

Ақтөбе тұрғыны 6 келі есірткімен ұсталды

03 ақпан 2023, 11:03


Ақтөбе тұрғыны 6 келіден астам есірткі сақтаған, деп хабарлайды JQ-Aqparat Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
31 қаңтарда Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері К.Нокин даңғылында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барсында 35 жастағы ақтөбелікті тоқтатқан. Ер адамды сырттай тексеру кезінде комбинезонының қалтасынан өсімдік тектес заттары бар 4 қағаз байламы табылып, тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам тұрғылықты жері бойынша есірткі заттарын сақтайтынын айтқан. Тұрғылықты жерін тінту барысында 105 қағаз орамасы бар екі полиэтилен пакет және сарайдан өсімдік тектес заты бар қап табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 6 келіден асатын марихуана есірткі құралы екені анықталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде