jasqazaq.kz

Министр: АЭС салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға жуырда шығарылады

01 ақпан 2023, 16:37

Биыл атом электро стансасын салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол үшін елімізде барлық объективті алғышарттар бар», — деді ол.
Сондай-ақ ол былтыр АЭС салуға мүмкіндік беретін технологиялардың тізімі жасақталғанын еске салды.

«2022 жылы Қытай, Корея, Ресей, Франция сияқты елдердің жеткізушілерінің тексерілген реакторлық технологиялардың қысқа тізімі жасалды. Биыл реактор технологиясын таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. АЭС-ті орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС-ті салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады», — деді Болат Ақшолақов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде