jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Баспасөз картасын журналист пен блогерді ажырату үшін енгіземіз

31 қантар 2023, 13:52


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне «Баспасөз картасы» механизмін енгізу не үшін көзделіп отырғанын айтты.

«Масс медиа туралы» заң жобасында журналистің мәртебесін айқындау көзделіп отыр. Баспасөз картасы сол журналистің статусын айқындау үшін, жалпы журналист пен блогерді ажырату үшін беріледі. Бұл жаңашылдық Еуроодақтың біраз мемлекеттерінде, мысал, Түркияда біраз жылдан бері кеңінен қолданылады», — деді министр.

Ол пресс-карт шетелдің тәжірибесінен алынған механизм екенін еске салды.

«Сонымен қатар оны беру механизмін де қарастырып жатырмыз. Бұл негізі журналистердің өзін-өзі реттеу механизмі бойынша арнайы комиссия арқылы реттеледі деген ойдамыз. Ол картаны министрлік бермейді, өздеріңіз сияқты жалпы журналистер қауымдастығы тарапынан құрылатын комиссия арқылы шешіледі», — деді Дархан Қыдырәлі.

Ал блогерлер қызметі «Масс медиа туралы» заңмен емес, қолға алынған онлайн-платформалар және онлайн жарнама туралы заңмен реттеледі.

«Кәсіби журналистер өзін блогерлерден айыру туралы айтып отыр. Сондықтан блогерлер үшін онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы бөлек заң әзірлеп жатырмыз. Ал «Масс медиа туралы» заң кәсіби журналистердің құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған», – деді министр.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде