jasqazaq.kz

Ғаламторда қызбен танысамын деп бір өлімнен қалды

24 қантар 2023, 20:51

Көкшетауда алаяқтықпен кісі тонаудың жаңа тәсілі пайда болды.
Кәдімгі кинодағыдай. 15 жасар қыз интернетте бозбаламен танысады. Жігітке кет әрі еместігін білдіріп, жалдамалы пәтерге шақырады.

Жергілікті полиция мекемесі хабарлағандай, үйде қыздың сыбайластары, зіңгіттей үш еркек күтіп тұрады. Олар «ғашықтардың» соңынан ілесе кіріп, бас салады. «Әлі кәмелетке толмаған қарындасымызды зорламақ болдың» деп әлгі жігітті ұрып соғады. Көп мөлшерде ақша талап етеді. Тамағына пышақ тақап, «бауыздаймыз» деп қорқытады. Әбден сасқан жігіт телефон арқылы екі банктен 1 миллион 400 мың теңге несие рәсімдеуге мәжбүр болады. Бопсалаушылар ақшаны жақын маңдағы банкоматтардан барып шешкізіп алған.

Ақша беріп, аман құтылған жігіт бірден полицияға арызданып, күдіктілер қамауға алынды.

JQ – Ақпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде