jasqazaq.kz

Ұлықпан Жолдасов: Жастар жалаңаштанып бара жатыр

23 қантар 2023, 12:11

Танымал композитор, продюсер Ұлықпан Жолдасов қоғамдағы түйткілді мәселелерге өз пікірін білдірді. Журналист Асхат Садырбайдың Paradox бағдарламасына келген өнер иесі қазаққа жат қылықтардың көбейгенін сөз етті.

Ол: « Қазақилығымыз қалып бара жатыр. Баяғыда бір-біріміздің үйімізге емін-еркін кіре беретін едік. Есікті ашып, әңгімемді айтып, жүре беретінбіз. 70-80-90 жылдары сондай еді. 2000 жылдары ұялы телефон шыққалы өзгере бастады.»Хабарласпайды ма?», «Неге келе салады?» деп жақтырмау басталды. Бұрын жақтырмағаныңа қарамай, ағайын кіріп келе беретін еді. Қоғамда жастар қатты жалаңаштанып бара жатыр. Қыздар мен әйелдер жайына қалды. Қазір жігіттер көйлегін кіндікке дейін ашып қояды. Мен «Көйлекті шешіп қоя сал» деймін. Осыған дейін ондай болмаған, қарнын көрсету ер адамға біртүрлі сияқты. Біздің қазақи әдепке жат. Тіліміз жоғалып бара жатыр. Менің таңқалатыным, Шымкенттегі жастардың өзі қазақша сөйлемейді. Тілі бұратылып, қазақша сөйлейді. Қазақи жердің өзі осылай болса, не боламыз? 2000 жылдан бастап жастар орыстанып бара жатыр. Арасында әскерде үйренген бір-екі ауыз орысша сөздер кетсе, өзімді «Неге сөйледім» деп қинаймын. Бәрін бүлдіріп жатқан — ғаламтор», — деді.

17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді