jasqazaq.kz

Көшені қолмен жуды ма? Әкімдіктің уәжі

24 қыркүйек 2016, 0:11

Жұмысшылар асфальтты қолымен жуып жатқан сурет бүгін еліміздің әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр. Суретті жүктеген азаматтардың мәліметінше, бұл — Қостанай қаласында болған оқиға екен.

«ҚазАқпарат» тілшісі Қостанай қаласының әкімдігіне хабарласып, шу шығарған суретке  қатысты түсініктеме алды.

«Жұмысшылар жолды қолымен жуды» деп жазылыпты. Алайда, түсіндіре кететін жайт, суреттегі көрініс жолдың бұзылған жерлерін қалпына келтіру үшін қолданылатын техникалық жұмыс. Жолдың бұзылған учаскесіне бояуды дұрыстап жағып, шаң кіргізбей, бояуды таза жерге жағу үшін осындай әдіс керек. оның үстіне, қазір күз мезгілі, айнала толған шаң», — дейді Қостанай әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдин.

Оның айтуынша, жолдың бұзылған жеріне жағылатын бояу ұзақ уақытқа шыдау үшін жұмысшылар арнайы ерітіндімен жолдың сол жерін тазалап жатқан екен.

«Яғни, жолды қалай болса, солай жөндеу салмау үшін, арнайы ерітіндімен  тазалаған. Осы сәтті суретке түсіріп алған шығар… Біздің айтарымыз осы. Қостанай қаласының көшелерін қолмен емес, арнайы көліктің көмегімен жуамыз», — деді баспасөз хатшы.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде