jasqazaq.kz

Бас прокурор 20 мың террорист туралы сұраққа жауап берді

05 қантар 2023, 16:57

Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезіндегі 20 мың лаңкес туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Түрлі ақпарат түсті, соның ішінде бұл да бар. Әртүрлі ақпарат, соның ішінде азаматтардан шетелдік қылмыскерлер бар екендігі, оның ішінде шет тілдерде — қырғыз, өзбек, әртүрлі тілдерде сөйлейтіні айтылды», — деді Асылов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Ол қоғамда шабуыл жасағандардың бәрі лаңкес деген ой қалыптасқанын атап өтті.

«Террористік әрекет жасаған адамдардың барлығы лаңкес болып саналады. Оның сақал қойып немесе автоматпен жүгіруі міндетті емес. Тіпті көптеген құқық қорғау органдары тергеу жүргізген кезде маған осы сұрақты қойды: бұл лаңкестердің бәрі қайда? Қоғамда да осындай сұрақ бар.

Террористер өздерін террорист деп ресми түрде мәлімдеген жоқ. Қиратып, өртеген, әкімдікті басып алған, барлық әрекеті үшін оларды террористік акт жасады деп есептейміз және, әрине, біз оларды террорист деп санаймыз», — деп қосты Бас прокурор.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде