jasqazaq.kz

Бас прокурор: Самат Әбіштен куәгер ретінде жауап алынды

05 қантар 2023, 14:42

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен куәгер ретінде жауап алынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің жалпынан отырысынан кейін болған баспасөз мәслихатында тілшілер Бас прокурордан қаңтар оқиғасы бойынша Самат Әбіштің (Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары) қаңтар оқиғасына қатысы болу мүмкіндігі туралы сұрады.

Өз кезегінде Берік Асылов қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқанын айтты.

«Сонымен қатар, мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алу бөлігіндегі қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеді. Жалпы, қаңтар оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Жауапкершілік туралы мәселе қылмыстық іс аяқталғаннан кейін белгілі болады», — деді Бас пркурор.

Осы орайда ол С. Әбіш тергеу амалдары кезінде куәгер ретінде шақырылғанын айтты.

«Одан тек куәгер ретінде жауап алынды. Тек куәгер мәртебесі бар», — деді Берік Асылов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде