jasqazaq.kz

Қарағандыда екі көлік соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза болды

27 желтоқсан 2022, 16:41

Бүгін «Қарағанды-Теміртау» тасжолында екі көлік соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктердің бірінің 27 жастағы жүргізушісі қаза тауып, 4 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында «Теміртау-Қарағанды» автожолында болды. «Бүркіт» кафесінің маңында «Тойота Эстима» мен «Опель» көлігі соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Опель» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. «Тойота Эстима» автокөлігінің жүргізушісі және оның жолаушылары, сондай-ақ «Опель» автокөлігінің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталмыш дерек полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер аталмыш жол апаты кезінде зардап шеккендердің жағдайына қатысты келесідей ақпарат берді.

«Зардап шеккен төрт адам, олардың екеуі Мақажанов клиникасына жатқызылды. Қалған екі ауыр жарақат алған науқас медициналық университеттің клиникасына жеткізілді», — деп түсіндірді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде