jasqazaq.kz

Таразда тұрғын үйден өрт шығып, 32 адам эвакуацияланды

27 желтоқсан 2022, 13:36

Таразда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 32 адам эвакуацияланды. Бұл туралы  ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бүгін, 27 желтоқсан күні сағат 1:24-те Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Сағат 1:49-да өрт толығымен жойылды. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 14 адам және 3 техника құрамында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.Күйік шалған 1930 жылғы әйел ауруханаға жатқызылды (1-2 дәрежелі 15% дене күйігі, орташа ауырлық дәрежесі).

Өрт отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

Осы орайда, ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

— Электр жүйесін, соның ішінде үлкендерін бір уақытта қоспау;

— Қосылған электр және газ жабдықтарын қараусыз қалдырмау;

— Үйде жанғыш сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды сақтамау;

— Балалардың отпен ойнауына жол бермеу қажет.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде