jasqazaq.kz

Мүгедектігі бар адамға қызмет көрсеткен отбасы мүшесі жалақы алады

27 желтоқсан 2022, 12:01

Мүгедектігі бар адамға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін барынша тартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Кодекстің үшінші жаңалығы – әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансфомациялау. Мұндағы негізгі мақсат — мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін әсіресе ауылдық округтерде арттыру. Бұл үшін мынадай өзгерістерді қарастырып отырмыз. Біріншіден — жан басына шаққандағы норматив енгізу. Оның мөлшері қызметтер үшін жеке нормативтер, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін шектеулі бағалар түрінде зерттелетін болады. Бұл өзгерістер бір жағынан, кейбір қызмет немесе тауар түрлерін алдағы уақытта монетизациялауға алып әкеледі. Екінші жағынан, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге жеке секторды кеңінен тарту арқылы саланың инфрақұрылымын ауылдық жерлерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді», — деді министр.

Ол тағы бір өзгеріс ретінде мүгедектігі бар адамға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін барынша тарту екендігін айтты.

«Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша, отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері қызметке орналасады. Сөйтіп, әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен толық қамтылады», — деді Тамара Дүйсенова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде