jasqazaq.kz

Атырау облысында екі күнде 3 көлік өртеніп кетті

26 желтоқсан 2022, 11:44

24-25 желтоқсанда Атырау облысында 3 көлік өртеніп кетті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, көліктердің өртену дерегі 24 және 25 желтоқсанда тіркелген.

«Алғашқы өрт туралы хабар 24 желтоқсанда сағат 11:07-де түсті. Атырау қаласындағы М. Әуезов көшесінде орналасқан көлік жөндеу орталықтарының бірінде «Toyota Sienna» маркалы автокөлік өртенді. Бұл көлік Армения Республикасында тіркелген. Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері шақырту орнына жеткен кезде автокөлік толық жанып кеткен. Автокөлікте газ қондырғысы орнатылған. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 11:58-де сөндіріп, газ қондырғысының жарылу қаупінің алдын алды», — деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Екінші өрт те сол күні жергілікті уақытпен сағат 14:29-да болған. «Атырау-Орал» тас жолының бойында Алмалы ауылының тұсындағы полиция бекетінің маңында «Chance» автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенген. Жалын сағат 14:55-те ауыздықталды.

Ал, кеше, 25 желтоқсанда сағат 11:31-де Жылыой ауданында тағы бір көлік өртенді. Аудан орталығы – Құлсары қаласының өңдірістік аймағында «КамАЗ» көлігі түгі қалмай жанып кетті. Өрт сағат 12:03 сағатта толықтай сөндірілді.

Қазір көліктердің өртену себебі анықталып жатыр.

«Жүргізушілердің автокөліктің электр желілерін ұдайы тексергені жөн. Бұл көлікті өртену қаупінен сақтайды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақталғанда ғана оқыс оқиғаның алдын алуға болады», — деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде