jasqazaq.kz

Алматы энергетика университетінің профессоры мен магистранты бір күнде дүние салды

14 желтоқсан 2022, 16:56

Алматы энергетика және байланыс университетінде бір күнде, яғни 13 желтоқсан күні профессор Алмас Жакупов пен магистрант Амирали Ахметов қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алматы энергетика және байланыс университеті 2022 жылғы 13 желтоқсанда Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Алмас Аусыдықұлы Жакупов қайтыс болды деп қайғыра хабарлайды» – деп жазылған университеттің Instagram-дағы парақшасында.
Профессор мен 22 жастағы 1 курс магистрантының неден қайтыс болғаны белгісіз.

«Университет басшылығы МИСк-22-1 тобының магистранты Амирали Ахметовтың мезгілсіз қазасы туралы қайғыра хабарлайды және туыстары мен жақындарына көңіл айтады» – деп хабарлады университет ұжымы.

Университеттегілер Алмас Жакупов пен Амирали Ахметовтің өлімінің өзара байланысы жоқ екенін атап өтті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде