
Түркістан облысында жалған құжатпен қызмет атқарған мұғалімдердің ісін полиция тексереді. Бұл туралы Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Түркістан облысында жалған құжатпен жұмыс істеген қызметкерлердің нақты саны белгісіз. Әзірге күмәнді факторлар анықталып, толық тексерілуде. Тергеп-тексеру жүргізу үшін облыстық полиция департаментіне ресми хат жолданған. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын мәлімдейміз» — делінген басқарма тарапынан берілген жауапта.