jasqazaq.kz

Жанармай бекетінің неліктен жарылғаны белгілі болды (видео)

22 қыркүйек 2016, 10:53

Бір жарым айға созылған тергеу Ақсай қаласындағы жанар-жағармай бекетіндегі төтенше жағдайдың кәдімгі газ балонының кесірінен болғанын анықтады.

Ал бекеттің өзінен ешбір техникалық ақау табылмаған. КТК телеарнасы хабарлағандай оқиға тамыз айының басында Ақсай қаласында болған еді. Шағын шаһардың кіре берісінде орналасқан жекеменшік жанармай бекеті алдымен отқа оранып, кейін жойқын жарылыс болды. Салдарынан бекеттің бір жұмысшысы мен Қарақұдық ауылдық аймағы әкімдігінің жүргізушісі ажал құшқан.

ҚР Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша тергеу басталып, қайғылы жағдайға қызметкерлер бөлмесіндегі пропан балоны себеп делініп отыр. Қауіпті аумақта газ балонын заңсыз пайдаланылғаны дәлелденсе, бекет қожайыны 7 жылға сотталуы мүмкін.

 

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде