jasqazaq.kz

«Бәйтерек» пен «Даму » қарыз алып, кәсіпкерлікті дамытпақшы

21 қыркүйек 2016, 14:55

photo_4164

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры шағын және орта кәсіпкерлік жобалары үшін Еуропа инвестициялық банкінен 200 млн еуро көлемінде несие тартады. Мұндай шешім «Даму» Қоры Директорлар кеңесінің ашық отырысында қабылданды.

Еуропа инвестициялық банкінің несие желісі «Даму» Қорына акционері — «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің кепілдігімен бөлінеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке деген қаражат ұлттық валютамен екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Бұл – банктер мен кәсіпкерлердің валюталық тәуекелге бас тікпеулеріне қолайлы.

ЕИБ қаражаты климат өзгеруінен болатын зардаптарды азайту, электр қуатын үнемдеу, энерготиімділікті арттыру секілді қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен көптеген «жасыл» жобаларға бағытталған.

«Бүгінде біздің ел «жасыл» экономикаға өту үшін белсенді түрде инвестиция тартып жатыр. «Даму» Қоры директорлар кеңесінің 200 млн еуро бөлу туралы осы жолғы шешімі шағын және орта кәсіпкерлікте қуат көздерін үнемдеу мен энерготиімділікке бағытталған жаңа жобалар ашылуына түрткі болып, бұл сала мен жалпы экономика үшін стратегиялық инвестициялар тартуға сеп болады. Еуропа инвестициялық банкі экономиканың барлық салаларында экологиялық, экономикалық және техникалық бай тәжірибесі бар, әрі негізгі рейтингтік агенттіктердің барлығынан «ААА» рейтингіне ие болған банк. Алдағы екі айдың ішінде бұл жобалар бойынша кәсіпкерлердің несие алу шарттары дайындалады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер де ШОБ жобаларымен айналысатын қосын құрады. Қаражат нақты жобаларға бірнеше траншпен беріледі»,-деді «Даму» Қоры Басқарма төрағасы Қаныш Тлеушин.

Алдын-ала есеп бойынша, осы бағдарлама бойынша берілген несиелер 103,4 млрд теңгені құрайды. Шамамен, «жасыл» жобасы бар 500 кәсіпкер қаражат ала алады. Олар 1 мың жаңа жұмыс орындарын ашып, 87,5 млрд теңге салық төлейді деп болжанып отыр.

 

BAQ.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде