jasqazaq.kz

Шымкент: Төтенше жағдайлар департаменті қала әкіміне есеп берді

19 қыркүйек 2022, 19:20

Өткен жылғы жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник М.Жақсыбаев шаһар басшысы М.Әйтеновтың алдында департаменттің жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы есеп берді.

Сала басшысының айтуы бойынша Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан туындаған. Ал, бұл қауіп әсіресе, жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсетінін де жеткізді.

Жалпы, төтенше жағдайлар жөніндегі статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, өрт шығу қаупінің негізгі себептері біріне тұрғындардың қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастап кетуден болып жатады. Кейде балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кетуі де себеп болып жатыр екен.

–Атап айтсақ, өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Ал соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда өрт шығу оқиғасы 13%-ға өскен, — деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, тек өрт емес, тұрғындардың табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалар тіркеліп жатады. Бұл жөнінде сала басшысы есебінде айтып өтті.

— Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды,-деді М.Жақсыбаев.

Департамент басышысының есебін тыңдаған қала басшысы, алдағы уақытта қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді.

Сонымен бірге «2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу» іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы қала әкімі өзі бақылайтынын жеткізді.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде