jasqazaq.kz

Шымкентте оқиғалы туризмді дамыту қолға алынды

15 қыркүйек 2022, 11:05

Үшінші мегаполисте «Этно Шымкент» фестивалін өткізуді жоспарлануда. Бұл туралы Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров брифинг барысында мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Шымкент Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен қатар Қазақстанның МІСЕ туризмінің орталықтарының бірі болуға барлық алғышарттарға ие. Оған қаланың ыңғайлы географиялық орналасуы, әртүрлі бағыттағы іс- шараларды өткізуге қолайлы инфрақұрылымы, ивент және жарнамалық агенттіктердің болуы жағымды әсер етеді. Осы ретте, қала туризмін дамытудағы басты бағыттардың бірі ретінде – оқиғалы туризмді дамыту қолға алынып жатыр.

–Бірінші жартыжылдықта «Наурыз» және «Қала күні» сияқты мерекелер аясында «ДәмДәсTour», «Балмұздақ фест» гастрономиялық фестивальдерінен тұратын оқиғалар қатарын қалыптастыруға баса назар аударсақ, ал күзде талантты жастар мен туристік бизнесті қолдау үшін имидждік іс-шаралар құруда үлкен жоспарларымыз бар. Осы кезеңде «Shymkent Mobilography Fest» фестивалін, «Shymkent Tourism Awards» конкурсын, цитадельде лазерлік шоу, қолөнершілерді қолдау аясында «Этно Шымкент» фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді Ерлан Ермекұлы.

Бұдан басқа, өңірдің туристік әлеуетін танымал ету және ілгерілету үшін Қазақстанның және басқа елдердің туроператорлары, БАҚ және блогерлері үшін ақпараттық тур ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар, көктем мезгілінде «National Geographic Kazakhstan» компаниясымен бірлесе экспедиция,«Қазақстан Мотофедерациясымен»бірлесе мото маусымының ашылуы, «Мобильді арбат» секілді іс-шаралар өтті.

Маусым айында «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының бастамасымен және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қолдауымен түркітілдес мемлекеттердің туристік орталықтарының тұңғыш конференциясы өтті. Аталған шараға Өзбекстан Республикасының Туризм министрлігі мен өңірлік туризм департаменттері, Қазақстанның 7 өңірінің туристік орталықтарының басшылары мен онлайн режимде Қырғызстан, Әзірбайжан және Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысты.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде