jasqazaq.kz

Әл-Азһардың Жоғарғы имамы: Жаһандық апаттарды адамның өзімшілдігі туындатып отыр

14 қыркүйек 2022, 12:46


Әл-Азһар ислам университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайеб адамзатты жаһандағы апаттардың себебі туралы ойлануға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемде коронавирустың қорқыныштарынан қалпына келтіруге уақыт болмады. Өйткені басқа пандемиялар мен апаттар қаптап кетті. Бұл табиғи, саяси және «экономикалық» апаттарды адам өзімшілдігінің кесірінен өз қолымен жасап алды. Ол апаттар адамдарды теңселтіп тастады. Қасиетті Құранда бұл екі құбылыс пен олардың салдары туралы осыдан шамамен 15 ғасыр бұрын айтылған. Қасиетті кітапта адамның жер бетіндегі істердің бәріне килігуі туралы айтылған», — деді Ахмед әл-Тайеб Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезінде.

Дін көшбасшысы бұл сөзіне мысал да келтірді.

«Біздің ойымызша, адамзат жаһандық жылыну, орман өрттері, қалаларды су басу және сел жүру қаупі, кейбір өзендердің тартылуы, көптеген тірі тіршілік иелерінің қырылуы сияқты табиғат пен климаттың күтпеген өзгерістерінен қорқыныш пен үрей сезініп жатқанын көзіміз көріп отыр. Бұл апаттарды адам өзінің пиғылынан, салғырттығы және басқаларға немқұрайлы қарауынан туындатқанын ұмытпауымыз керек», — деді имам.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде