jasqazaq.kz

Балабақшада бүлдіршіндерді ұрған шардаралық тәрбиешінің ісі полицияға өтті (Видео)

07 қыркүйек 2022, 13:49

Балабақшада балаларды ұрған шардаралық тәрбиешінің ісі полицияға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісі баланы аяусыз ұрып жатқаны жөнінде видео тарады.

Онда әйел кісінің бір баланың қолынан ұстап, басынан тоқтамай ұрғаны видеоға түсіп қалған.

Сондай-ақ, екі қызды бір бірімен ұрыстыруға әрекет еткен. Балаларға дөрекілік танытып, дауыс көтеріп ұрысқан.

Әлеуметтік желіде тараған аталған жағдай көпшіліктің ашуын туғызды. Ал, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы істің полицияға өткізілгенін айтты.

«Түркістан облысы Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі арнайы комиссия тобын құрып, зерделеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде баланы ұрған жекеменшік балабақша тәрбиешісі екені белгілі болды. Тиісті жұмысты жүргізуге ықпал жасау жөнінде Шардара аудандық полиция бөліміне хат жолданды. Бүгінгі таңда алдын ала анықтау-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы берген ақпаратта.

Ал, Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі балабақша тәрбиешісінен «ешқайда кетпейтіні» жөнінде қолхат алынғанын жеткізді.

Қазіргі таңда Шардара аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде