jasqazaq.kz

Алматыда 7 мыңнан астам студент хостелдерге орналасуда

06 қыркүйек 2022, 16:59


Алматыда студенттердің тек 30% жатақханамен қамтамасыз етілген. Қалған 30% баспана жалдаса, 40% туыстары мен жақындарының үйінде тұрып оқуда. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министрдің айтуынша, Алматыда жатақханалардың орын тапшылығы мәселесін шешу үшін министрлік пен қала әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

«Біз қала әкімдігімен бірлесе студенттер үшін хостел, қонақүйлердің иелерімен келісім жасастық. Соның нәтижесінде қазір 7 мыңнан астам студентке орын табылып, сонда орналасып жатыр. Мысалы, Абай атындағы ҚазҰПУ бүгінде 4 хостелмен кездесіп, мыңнан астам студенттің тұруына мүмкіндік жасады», — деді Қуаныш Ерғалиев.

Ол сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында соңғы үш жылда жатақханалардың қарқынды түрде салынып жатқанын атап өтті.

«Өткен жылы Қазақстанда шамамен 49 жатақхана салынды. Биыл 40-қа жуық жатақхана салынады деп жоспарланды. Бұл, студенттер үшін қосымша 10 мыңнан астам төсек-орын болады деген сөз. Президент өз Жолдауында да осы мәселені көтеріп, бізге тиісті тапсырма берді. Қазір ол бойынша инвесторларды тартып жұмыс жасап жатырмыз. Қысқаша айтқанда, қазіргі таңда Қазақстанда жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу жұмыстары жүріп жатыр», — деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Вице-министр сондай-ақ Қазақстан бойынша студенттердің 30% Алматыда оқитынын айтты.

«Бұл шамамен 35 жоғары оқу орны бар Алматы қаласында 180 мың студент оқиды деген сөз», — деді ол.

Еске салайық, Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматыда студенттер далада қонып жүр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде