
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Innova Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Салымшылардың жалпы саны 1300-ден аса адам, қаржы пирамидасынан келген шығын анықталып жатыр», — деді ҚМА баспасөз қызметі өкілдері.
Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
«Егер сіз немесе туыстарыңыз Innova Gold қызметінен зардап шексе, агенттіктің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласуыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.